Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Елордада қала күні қарсаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Асыл мұра» концерті өтеді

Дата публикации: 04-07-2026 12:59:00

Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан мәдени жобасы биыл бесінші мәрте ұйымдастырылады.


Основное содержимое страницы с новостью.

Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан мәдени жобасы биыл бесінші мәрте ұйымдастырылады.

Астана күні мерекесі қарсаңында елордада Ұлттық домбыра күні аясында "Асыл мұра" концерті өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Асыл мұра" – ұлттық өнердің тарихи-мәдени құндылығын, өңірлік орындаушылық мектептердің сабақтастығын және домбыра мұрасының қазіргі мәдени кеңістіктегі маңызын көрсетуге бағытталған.

Шараның мақсаты – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі музыка өнерін дәріптеу, сирек орындалатын шығармаларды жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Концерт барысында қазақтың дәстүрлі әншілік және күйшілік өнерінің Арқа, Сыр, Жетісу, Алтай-Тарбағатай және Батыс мектептері кеңінен таныстырылып, бес орындаушылық мектептің ерекшелігін айқындайтын әндер, жырлар мен күйлер орындалады.

Мәдени шараға белгілі өнер қайраткерлері мен дәстүрлі өнер өкілдері қатысады. Олардың қатарында Сержан Мұрсайын, Перизат Тұрарова, Өзгеріс Шерікбай, Бейбіт Мұсаев, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, Алмас Алматов, Елмұра Жаңаберген, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпен, Айгүл Қосанова, Дастан Есентеміров, Айгүл Елшібаева, Қазбек Әдікей, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Гүлмира Сарина бар.

Сондай-ақ концертте "Қорқыт" ансамблі, "Шалқыма" би ансамблі, "Дала Sound" квартеті және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның хоры өнер көрсетеді.

Мәдени шарада заманауи цифрлық технологиялар, заманауи мультимедиалық визуализация мен жасанды интеллект элементтері қолданылады.о 

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Open Air концертіне байланысты «Астана Арена» маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі0504-07-2026
2Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында Ұлттық домбыра күні аталып өтті0502-07-2026
3Семейде Ұлттық домбыра күніне орай Абайдың домбырасы көрмеге қойылды0504-07-2026
4Ұлттық домбыраны ұлықтаған полицейлер7602-07-2026
5Азия даму банкі Қазақстанның су қауіпсіздігі жобаларын қолдауға дайын0503-07-2026
6Артисты из Алтайского края дали в Душанбе концерт, посвященный 80-летию Победы0003-04-2025
7Астанада жолаушылары бар автобус өртенді0527-06-2026
8В КБР отметили День государственности0007-09-2019
9Premieră națională la Timișoara. Sute de tineri coriști catolici se reunesc pentru un concert extraordinar6709-07-2026
10Победитель шоу "Голос" Ержан Максим выступит на открытии Дней культуры Казахстана в России0006-09-2019

Классификация: Культура. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5. Источник: inbusiness.kz.