Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік қолдауды уақытылы көрсетуге көмектеседі

Дата публикации: 17-09-2026 11:08:00

Бүгінде Отбасының цифрлық картасында 6,2 миллионнан астам отбасының шамамен 20 миллион мүшесі туралы мәлімет жинақталған.

Основное содержимое страницы с новостью.

Бүгінде Отбасының цифрлық картасында 6,2 миллионнан астам отбасының шамамен 20 миллион мүшесі туралы мәлімет жинақталған.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың мемлекеттік қолдауға деген ықтимал қажеттілігін алдын ала анықтап, бірқатар мемлекеттік қызметті проактивті түрде көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи құрал Отбасының цифрлық картасын дамытып жатыр.

Бүгінде Отбасының цифрлық картасында 6,2 миллионнан астам отбасының шамамен 20 миллион мүшесі туралы мәлімет жинақталған. Жүйе SmartData Ukimet ақпараттық-талдау платформасында жұмыс істейді және 30-ға жуық мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Бұл мемлекеттік органдарда бар деректерді пайдаланып, әлеуметтік көмекті азаматтардың нақты қажеттілігіне қарай ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде Отбасының цифрлық картасы отбасы құрамы туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастырып, оның әлеуметтік әл-ауқат деңгейін анықтайды. Бұл ретте отбасының табысы, еңбек қызметі, әлеуметтік төлемдері, тұрғын үй жағдайы, мүлкі, денсаулығы мен білімі туралы мәліметтер ескеріледі.

Мемлекеттік қолдауға ықтимал қажеттілікті анықтау үшін Министрлік БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп әзірлеген халықтың әл-ауқат деңгейін бағалау әдістемесін қолданады. Осы әдістемеге сәйкес отбасылар әл-ауқатының жоғары деңгейінен экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал деңгейге дейінгі бес санаттың біріне жатқызылады. Мұндай бағалау отбасының нақты өмірлік жағдайын ескеруге және халықпен жүргізілетін жұмысты нақты бағыттауға жол ашады.

Отбасының цифрлық картасының негізгі артықшылықтарының бірі — мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде көрсету мүмкіндігі. Қолда бар деректер негізінде азаматтың белгілі бір қолдау шарасын алуға құқығы бар екені анықталса, оған 1414 нөмірінен SMS хабарлама жіберіледі. Азамат келісім бергеннен кейін мемлекеттік қызмет автоматты түрде рәсімделеді.

Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасы арқылы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 11 түріне өтініш беруге, сондай-ақ хабарламалардың 3 түрін алуға болады. Олардың қатарында баланың тууына және оны күтуге байланысты төлемдер, жұмысынан немесе асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер, мүгедектігі бойынша жәрдемақылар, көпбалалы отбасыларға берілетін төлемдер және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары бар.

Проактивті тәсілді енгізудің нәтижесі нақты көрсеткіштерден де көрінеді. Азаматтардың мемлекеттік қызмет алуға келісімін алу үшін 2 миллионнан астам SMS хабарлама жіберілді. Ал проактивті форматта 935 мыңнан астам азаматқа мемлекеттік қызметтер мен төлемдер тағайындалды.

Отбасының цифрлық картасының мүмкіндіктерін жергілікті атқарушы органдар да халықпен нақты жұмыс жүргізу үшін пайдаланады. Қолда бар мәліметтер арқылы мамандар табысы, активтері, медициналық сақтандыруы немесе тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі туралы деректері жоқ азаматтарды анықтай алады. Бұл түсіндіру жұмыстарын уақытында жүргізіп, кеңес беруге және тиісті негіздер болған жағдайда қажетті қолдау шараларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Өңірлердегі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жеке мониторинг модулі енгізілді. Модуль отбасылар туралы ақпараттың өзектілігін қамтамасыз етуге және D және E санаттарындағы отбасылармен жүргізілетін жұмыстың нәтижелілігін жүйелі түрде қадағалауға жағдай жасайды.

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік-еңбек саласындағы цифрлық жүйелер мен «цифрлық үкімет» платформасының деректерін пайдалана отырып, Отбасының цифрлық картасын әлеуметтік-еңбек саласындағы талдау құралы ретінде одан әрі жетілдіру көзделіп отыр.

Сонымен қатар Отбасының цифрлық картасын жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібін бекіту жоспарлануда. Құжатта жүйедегі мәліметтерді толтыру, пайдаланылатын деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мәселелері де қамтылады.

Отбасының цифрлық картасын одан әрі дамыту пайдаланылатын ақпараттың сапасын арттыруға, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды азаматтарға уақытында және нақты қажеттілігіне қарай, олардың өмірлік жағдайын ескере отырып көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Цифровая карта семьи помогает своевременно предоставлять меры социальной поддержки013.5717-09-2026
2Кабмин направит почти 6 млрд рублей для начала углубленной диспансеризации в России0029-06-2021
3Депутаты Думы седьмого созыва получили в 2,5 раза больше обращений, чем шестого0017-06-2021
4Более 4,2 млн пособий назначили в России на детей от трех до семи лет0006-11-2020
5Семьям с детьми в ДНР с начала года одобрили 2,2 млрд рублей в качестве единого пособия0005-06-2023
6За 16 лет действия маткапитала более 8,2 млн российских семей улучшили жилищные условия0012-01-2023
7В Приамурье более 17 тыс. детей получили единое пособие0002-02-2023
8В России единое пособие назначили 6 млн детей с начала года0019-05-2023
9Минфин разместил ОФЗ на 61,4 млрд рублей0020-03-2019
10Минфин разместил ОФЗ на сумму 20 млрд рублей0010-11-2021

Классификация: Национальные проекты. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 15.12. Источник: profit.kz.